Көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болған ер адам құтқарылды

576

0

Алматыда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар полицияға «Көкмайса» ықшамауданындағы үйлердің бірінің шатырының шетінде отырған ер адам туралы хабар берген.

«Азаматтар маған жүгінгенде мен әкімшілік бөлімімде стационарлық полиция постында отырдым. Көрсетілген үйге тез жүгіріп бардым, сондай-ақ патрульдік полициядағы әріптестерімнен көмек сұрадым. Мен ер адаммен сөйлесіп, асығыс әрекет жасамауға көндіріп жатқанда патрульдік полицейлер төбеге көтерілді», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Нұрлан Қонысов.

Патрульдік полиция инспекторы Абылайхан Оқасовтың айтуынша, оқиға орнына бірнеше минутта жеткен.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<