Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр» – әлемдік катаклизмнің алдын алатын саяси құжат

1923

0

ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылдың 31 наурызы мен 1 сәуір аралығында Вашингтонда өткен ІV ядролық қауіпсіздік саммитінде жарияланған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі аса маңызды саяси құжат болып табылады. Бұл манифесте қазіргі әлемге және ондағы аса маңызды оқиғаларға Қазақстанның тұжырымдамалық қөзқарасы көрініс тапқан. Жария болғанына 5 жыл уақыт өтсе де, бұл саяси құжаттан туындаған ойлар мен пікірлер әлі де өз маңызын жойған жоқ. Қазіргі таңда халықаралық қауіпсіздік алаңдатарлық жағдайда. Әлемде халықаралық терроризм қауіпі сейілген жоқ. Орыс-украина дағдарысы ушығуда. Арабтар мен Еврейлер арасындағы қарулы жанжалдар әлем назарын аудартуда. Қазіргі кезде жаһандық қауіпсіздік сын көтермейтіндей жағдайда. Н. Назарбаевтың манифесінде әлемге ортақ қауіпсіздікке конструтивтік бастама қажет екендігі айтылған еді.


«Әлем.ХХІ ғасыр» бейбітшілік манифесінің маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Елбасының бейбіт бастамасы әлемдік деңгейде жоғары бағаланып отыр. Бұл өзекті мәселе түрлі халықаралық мінберлерде қызу талқыланып, әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Нәтижесінде манифест БҰҰ Бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.
Жалпы бұл саяси құжатта адамзат баласын катаклизмерден сақтандыру идеясы жатқандығын атап өтуіміз қажет. Елбасы атап өткендей жаһандық соғысты бастау – үлкен мәселе емес. Мәселенің үлкені – сол соғыстың зардаптарын ертеңгі күні ешкімнен сұрай алмайтынымыз. Қазір ешкім де өзін абсолютті қауіпсіз сезіне алмайды. Манифестте біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы адамзаттың өз өмірін өзі күрделендіріп, онысын байқағысы келмейтіндігін түсіндірді. Осы мәселелерді конструтивтік түрде шешу үшін жаһандық қауіпсіздіктің жаңа құрылымы жасалуы керек екендігін баса айтып өткен еді.


Н. Назарбаев манифестте: Ажал себебін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың террористтердің қолына түсуі «Уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе» – деген ойын айтқан. Халықаралық терроризмнің қауіпінен шошынған әлемдік қауымдастық ендігі кезекте ядролық терроризмнен қорқа бастады. Мысалы, Сириядағы соғыста террористтердің химиялық қаруларды қолданғандығы туралы хабарлар көрсеткен еді. Бұл өте қорқынышты жағдай. Осы тұрғыдан алсақ Манифесттен туындайтын ойлардың орасан зор маңызы бар.


Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» тарихи манифесінің маңызы Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамаларының өзектілігін айшықтай түседі. Ядролық қарусыздану, ірі державалардың әскери және экономикалық қарсы тұрушылықтарын болдырмау, халыққаралық қарусыздану, әділетті жаһандық бәсекелестік – бүкіл адамзаттың алдында тұрған басты міндеттер болып қала бермек.


Н.Ә.Назарбаев адамзаттың қауіпсіздігіне алаңдаған көреген саясаткер екендігін көрсете білді. Назарбаевтың манифесіндегі ұсыныстарын көптеген мемлекет басшылары қолдады. Соның нәтижесінде ядролық қарусыз әлем туралы бір шешімге келуі өте қажетті, маңызды қадам деп білеміз. Назарбаевтың бұл манифесі – болашаққа жақсы болжам жасаған, бүгінгі ахуалды терең талдаған саяси құнды құжат деп білеміз.

Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,


«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы,


философия ғылымдарының докторы, профессор

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<