Назарда – NEET санатындағылар

921

0

NEET термині  ағылшын тіліндегі Not in Education, Employment, or Training (оқымайды, жұмыс істемейді, қайта даярлаудан өтпейді) деген сөздерінің біріккен формасы. Қазақша таңбаласақ оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз және саяси, азаматтық белсенділігі төмен жастар категориясы. Жас шекарасы 15-28 аралығын қамтиды.

Барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары», жергілікті әкімдіктер, ішкі істер органдары, білім бөлімдері, кәсіподақтар, қорғаныс істері жөніндегі департамент, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы және т.б. салалар бірігіп, өңіріміздегі NEET санатындағы жастардың дерекқор базасын жасақтап, аймақ жастарының әлеуметтік картасын әзірленуде. Аталған жұмыс 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Екінші кезеңде жинақталған мәліметтерге сараптама жұмыстары жүргізіліп, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, маусымдық жұмыстарды және өзін жұмыспен қамтитын азаматтардың қызметін заңдастыру және т.б. кешенді шаралар жүзеге асатын болады.

Қазалы ауданында NEET санатындағы жастармен жұмыс науқаны басталып кетті. Облыс орталығынан барған мамандар аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетовпен кездесіп, жастардың жай-күйі талқыланды. Сонымен қатар, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында тиісті мекемелердің ықпалының маңыздылығы аталып өтіліп, тиісті ұсыныстар берілді. Мамандар 3 күн бойы аудандағы Алға және Ақжона ауылдық округтерінде зерделеу жұмыстарын жүргізбек. Ол арнайы дайындалған сауалнама бойынша жүзеге асырылады. 

3 қарашадан бастап Арал ауданы, Қармақшы және Шиелі аудандарында, Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарындағы жұмыстар 9 қарашадан бастап жалғасын таппақ.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<