Қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады

974

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Нұр» мешітінде қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына 10 Құран Хатым дұғасы жасалды.

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткен шарада облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің дін қызметкерлері мен жамағаты марқұм болған жандардың рухына арналып оқылған Құран Хатым дұғасын жасап, Алладан ел амандығын мен жұрт тыныштығын тіледі. Осыдан кейін мешіт асханасында дастарқан жайылып, ас берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<