Тасымалдаушыларға субсидия тағайындау мәселесі көтерілді

823

0

 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Қызылорда қаласындағы жолаушылар тасымалына қызмет көрсететін жеке нарық субъектілеріне (тасымалдаушылармен)«Әлеуметтік маңызы бар автомобиль жолдарында тасымалдау қызметін көрсететін жеке нарық субъектілеріне субсидия беру»  тақырыбында «Open Space» кеңсе отырысы өтті.

Онда Қызылорда қаласы географиялық шекарасында автомобильмен жолаушылар тасымалына қызмет көрсетіп отырған жеке нарық субъектілері «КадНұр» ЖШС мен «Арғымақ» ЖШС (ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап) «Ақмешіт жолаушылар тасымалы» ЖШС, «ЭМ Бывалый» ЖШС Әлеуметтік маңызы бар автомобиль жолдарында тасымалдау қызметі үшін субсидия беру Қағидасы түсіндірілді.

Сондай-ақ, департамент басшысы субсидия беру мәселесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан кедергілер немесе заңсыз субсидия тағайындамау және бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) орын алса, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың  бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі)  бойынша монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізіп, ден қою шараларын қолдана алатынын жеткізді.

Жиналыс барысында осы саладағы түйткілді проблемалар, ұсыныс-пікірлер және өзге де кедергілер туралы мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта бақылауда болатындығы айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<