Жақын арада әлемде тағы бір пандемия болуы мүмкін

842

0

Оған климаттың өзгеруі, халықаралық сапарлардың көбеюі, халық саны мен жұқпалы аурулардың артуы әсер етеді. 

АҚШ-тың Bloomberg ақпарат агенттігі алдағы онжылдықта әлемге Covid-19 пандемиясы сияқты індеттің жаңа түрі қауіп төндіруі мүмкін екенін хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

«Келесі онжылдықта Covid-19 сияқты өлімге әкелетін пандемияның басталу ықтималдығы 27,5% құрайды, өйткені вирустардың саны күннен-күнге артып келеді», — делінген болжамда.

Қазір денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар жаңа әлеуетті жаһандық қауіпке дайындалуда. Сонымен, соңғы екі онжылдықта пневмония, Таяу шығыс респираторлық синдромы мен Covid-19 тудыратын коронавирустың үш негізгі түрі пайда болды.

H5N1 құс тұмауының тез таралуы да алаңдаушылық тудырады. Әзірге ол тек бірнеше адамда анықталғанымен, құстар арасында аурудың тез өсуі және сүтқоректілерді жұқтырудың жиі кездесетін жағдайлары ғалымдарды алаңдатады — вирус мутацияға ұшырауы мүмкін.

Мұның бәрі жаңа пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді, деп қорытындылады Bloomberg.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<