«Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары жарияланды

431

0

Астанадағы «Қазақстан» Орталық кино-концерт залында XIV Халықаралық «Еуразия» Кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Гран-приді режиссер Мари Гарель Вайстың (Франция) «Сауық кеші аяқталды» фильмі алды. Үздік режиссерлік жұмыс аталымында Милко Лазаровтың «Ага» фильмі (Болгария, Германия, Франция) озды. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы режиссер Мария Хатчанидің (Грузия) «Ана» («Деде») фильміне және режиссер  Хидже Джонгтің (Оңтүстік Корея) «Автостоп қуушы» фильміне бұйырды. Үздік ер адам рөлі – Карим Мирхадиев,  «Қайсарлық» (Өзбекстан); Үздік әйел адам рөлі – Марта Козлова,  «Анна соғысы» фильмі, (Ресей);
Қысқа метражды фильмдердің конкурсы: Гран-при – режиссер Суборна Сенжутидің (Үндістан, Бангладеш) «Балықтар монологы» фильмі; Қазылар алқасының арнайы назары – режиссер Игорь Поплаухин (Ресей) «Күнтізбе» фильмі. НЕТПАК таңдауы: Режиссер Е.Стишковтың (Ресей-Қырғызтан-Польша) «Сүлеймен тауы» фильмі. ФИПРЕССИ таңдауы: Режиссер Е.Стишковтың (Ресей-Қырғызтан-Польша) «Сүлеймен тауы» фильмі. Ел-Арна телеарнасынан ерекше дипломмен қазақстандық режиссер Олжас Ахметовтың «Неделимое» фильмі марапатталды. Биыл кинофестивальдің құрметті қонақтарының сапында әйгілі француз актёрі Венсан Кассель, югослав және сербиялық кинорежиссёр және кино  актер Эмир Кустурица, «Айка» фильміндегі рөлі үшін 71 Канн кинофестивалінің «Ең үздік әйел актриса» сыйлығын иеленген Самал Еслямова, ресейлік театр және кино актрисасы Равшана Куркова, ресейлік театр және кино режиссері Сергей Пускепалис мен Анна Меликян, өзге де кино жұлдыздар, халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, Еуропа, Азия, Африка, Америкадағы кино саласының белгілі сарапшылары мен сыншылары, мәдениет қайраткерлері болды.
 Шара аясында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаз фильмдерінің көрсетілімдері болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<