Қобыз сарынындағы тарих пен тағылым

5

0

Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті – ұлттың рухани болмысын, тарихи жадын және көркемдік дүниетанымын сақтап келген бай мұра. Соның ішінде қобызбен жыр орындау дәстүрі ерекше орын алады. Бұл өнер түрі тек әуен мен сөздің қосындысы ғана емес, халықтың терең философиялық танымын, өмірге көзқарасын, елдік мұратын танытатын күрделі рухани құбылыс болып саналады.

Қобыз қазақ ұғымында ежелден киелі аспап ретінде бағаланған. Оның үні адамның ішкі сезімін, табиғаттың сырын, заманның мұңын жеткізетін ерекше дыбыстық болмысқа ие. Ал жыр – халықтың тарихи тәжірибесін, батырлық рухын, адамгершілік мұратын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген сөз өнері. Осы екі арнаның тоғысуынан қобызбен жыр орындау дәстүрі қалыптасты.

Бұл дәстүрдің түп негізі Қорқыт ата есімімен тығыз бай­ланысты. Қорқыт туралы аңыз­дар мен күйлер қазақ халқы­ның қобызға деген ерекше құр­метін айқындайды. Оның са­ры­ны кейін бақсы-жыраулар, жыр­шылар, қобызшылар арқылы жал­ғасып, ұлттық өнердің ма­ңызды саласына айналды. Қазақ халқының көне музыкалық ас­пап­тарының бірі ретінде ға­сыр­лар бойы халықпен бірге жасап келеді. Оның құрылысы да, үні де табиғатпен тығыз байланысты. Тұтас ағаштан ойылып жасалуы, шанағына тері тартылуы, іше­гі­нің жылқы қылынан тағылуы табиғи болмысын көрсетеді. Мұн­­дай ерекшеліктер аспаптың ды­бысына да әсер етіп, оған қо­ңыр, терең, мұңды әрі сырлы үн береді.

Ежелгі дәуірлерде қобыз бақ­сылық дәстүрмен тығыз байла­ныста болды. Өйткені емшілік, ғұрыптық, рухани рәсімдерде қол­данылған. Халық сенімінде үні адам жанын тыныштандырып, тылсым күштермен байланыс орнатады деген түсінік қалып­тасқан. Сондықтан қарапайым му­зыкалық аспап ретінде емес, киелі құрал ретінде қабыл­дан­ды. Уақыт өте келе бұл шеңбер­ден шығып, жыраулық және жыр­­­шылық өнермен ұштаса бас­­­тады. Жыраулар ел тарихын, батыр­лар ерлігін, халықтың мұң-мұқтажын, өмір туралы тол­ға­ныстарын жеткізді. Оның үні жырдың мазмұнын күшей­тіп, тың­даушыға ерекше әсер сый­лады.

Қобызбен жыр орын­дау дәстүрін сөз еткенде, Қор­қыт ата мұрасын айналып өту мүм­кін емес. Ол жалпы түркі ха­лық­­­тарының рухани мәдение­тінде даналықтың, күйшілік өнер­­­дің, мәңгілік өмір туралы тол­ға­­ныстың символы ретінде та­ны­лады. Халық аңыздарында қобызды алғаш жасаған, оның үні арқылы адамзат тағдырын, өмір мен өлімнің сырын толғаған тұлға ретінде бейнеленеді.

Қорқыт күйлерінің ерекшелігі – олардың философиялық терең­дігінде. Бұл сарындарда адамның өмірге құштарлығы, ажалмен кү­ресі, мәңгілікке ұмтылысы кө­­рініс табады. Сондықтан тек му­зы­калық шығар­ма ре­тінде емес, халық дүниетаны­мы­ның көркем көрінісі ретінде бағала­нады.

Қорқыттан бастау алған қобыз сарыны кейінгі жыраулардың орындаушылық дәстүріне әсер етті. Жыраулар жырды жай ғана айтып қоймай, оны белгілі ма­қам­мен, ырғақпен, дауыс мәне­рі­мен орындаған. Қобыз сол орын­даудың эмоциялық қуатын арт­тырып, жырдың ішкі мазмұ­нын тереңдете түсті.

Жыраулық өнерде сөз бен саз бір-бірінен ажы­­рамайтын тұтас құбылыс бол­ды. Жырдың мәтіні халықтың ой-санасын жет­кізсе, қобыздың үні сол ой­дың сезімдік астарын ашты. Осы тұрғыдан алғанда, қо­быз­бен жыр айту – қазақ өне­рін­дегі синкретті дәстүрдің жар­­қын үлгісі.

Қазақ даласында қо­­­­быз­бен жыр орындаған өнер иелері аз болмаған. Олар­дың қа­­та­­рында Қойлыбай бақсы, Жа­нақ жырау, Ықылас Дүкен­ұлы сияқты тұлғалардың орны ерекше. Бұл өнерпаздар қобыз­ды тек аспап ретінде емес, ру­ха­ни мұраның өзегі ретінде та­нып, халық арасында кеңінен наси­­хаттаған.

Қойлыбай бақсы туралы аңыз­дарда қобыз арқылы ерекше қасиет көрсет­кені, рухани күш иесі ретінде та­нылғаны айты­лады. Оның бей­несі қазақ хал­қы­ның көне дү­­ниета­ны­мын­дағы бақсылық, жы­­раулық және қо­быз­шылық дәс­түрдің бір-бірі­мен тығыз бай­ланыс­ты болға­нын көр­сетеді.

Жанақ жырау да – қобызбен жыр орындау дәстүрінде өзіндік орны бар тұлға. Ол ел аралап, халық жырларын орындап, әсі­ресе, эпикалық мұраларды жеткі­зу­де үлкен қызмет атқарған. Жа­нақ­тың орындаушылық өнері жыр мен қобыздың үйлесімді бір­­лігін танытады.

Ал Ықылас Дү­­кенұлы қобыз өнерін жаңа бе­леске көтерген ірі тұлға ретінде белгілі. Ол Қор­қыт дәстүрін жал­ғас­тырып қана қоймай, қо­быздың көр­кем­дік мүмкіндігін кеңейтті. Ықы­ластың күйлері арқылы қо­быз халықтық орындау­шы­лық­тан кә­сіби өнер деңгейіне көте­ріле бас­тады.

XIX-XX ғасырлар қазақ қо­ғамы үшін үлкен тарихи өзге­рістер кезеңі болды. Осы өзгеріс­тер қобызбен жыр орындау дәс­түріне де әсер етті. Хандық би­ліктің жойылуы, отарлық сая­сат­тың күшеюі, көшпелі өмір сал­ты­ның әлсіреуі жыраулардың қо­ғамдағы бұрынғы орнын өз­гертті. Бұрын олар ел басқару ісі­не араласып, хан ордасында ақыл­шы, рухани жетекші қызметін атқар­ған. Халықтың мұңын жет­кі­зіп, елдік мәселелерді жыр ар­қы­лы кө­терген. Ал қоғамдық құ­ры­лым өзгерген кезде бұл қыз­мет бір­тіндеп шектеле баста­ды. Соны­мен қатар кеңестік ке­зеңде дәстүрлі діни-рухани ұғым­­дар­ға, бақсылыққа, көне на­ным-се­німдерге сыни көзқарас кү­шей­ді. Қобыздың бақсылықпен байланысы оның еркін дамуына белгілі бір дәрежеде кедергі кел­тірді. Осылайша қобызбен жыр айту дәстүрі бұрынғы табиғи ор­тасынан алыстап, кейбір орын­даушылық мектептер әлсірей бастады.

Дегенмен бұл дәстүр толық жойылып кеткен жоқ. Ха­лық жадында, жекеле­ген орын­­даушылардың шығарма­шы­лы­ғында, аймақтық өнер мек­­теп­те­рінде үлгілері сақталып қалды. Кейін кәсіби музыкалық білім беру жүйесінің қалыптасуы бұл өнердің қайта жаңғыруына мүм­кіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында ұлттық мәдени мұраға деген көзқарас жаңарып, дәстүрлі өнерге қызығушылық арта түсті. Осы үдеріс қобызбен жыр орындау дәстүрінің қайта жандануына жол ашты. Қазіргі уақытта бұл өнер тек тарихи мұ­ра ретінде ғана емес, кәсіби сах­налық орындаушылықтың бір са­ласы ретінде де дамып келеді.

XXI ғасырдағы қобызбен жыр орындаушылар көне дәстүрді сақ­тай отырып, оны жаңа орындау­шылық талаптармен ұштас­­тыруға ұмтылуда. Қазіргі өнер­паз­­дардың репертуар таң­дауы, мақам ерекшелігі, сах­на­лық мәдениеті қобызбен жыр айту өнерінің жаңа сипат алға­нын көрсетеді. Орын­дау­шылар үшін қобыз тек сүйемел­деу­ші аспап емес, жыр маз­мұнын аша­тын көркемдік құ­ралға айналды. Қобыздың үні арқылы жырдың драмалық қуаты күшейіп, тың­даушыға әсері ар­тады. Бұл дәстүрдің бүгінгі сах­нада да ма­ңызын жоғалтпа­ғанын білді­реді. Сонымен қатар қобыз­бен жыр айту өнерін оқу орын­дарында оқыту, ғылыми тұрғыдан зерт­теу, фестивальдер мен кон­церт­тер арқылы насихаттау – оның бо­лашақта сақталуына ық­пал ете­тін маңызды қадамдар.

Дәстүрлі өнердің өміршеңдігі оны тек сақтау арқылы емес, жас ұрпаққа үйрету, орындаушылық тәжірибеге енгізу арқылы қам­тамасыз етіледі. Қобызбен жыр орындау дәстүрі – қазақ халқы­ның рухани мәдениетіндегі те­рең тамырлы өнер саласы. Бұл дәстүрде көне дүниетаным, жы­раулық поэзия, музыкалық орын­даушылық және халықтық фило­софия өзара тоғысқан. Қобыздың қоңыр үні мен жырдың мағы­налы сөзі бірігіп, қазақтың тари­хи жадын, елдік рухын, адамгер­шілік мұратын ғасырлар бойы сақ­тап келді.

Қорқыттан бастау алған қо­быз сарыны кейін бақсы-жы­раулар, қобызшылар, жыршы­лар арқылы жалғасып, ұлттық өнердің маңызды арнасына ай­налды. XIX-XX ғасырлардағы тарихи өзгерістер бұл дәстүрді әлсіреткенмен, оның рухани өзегі үзілген жоқ. Қай­та тәуелсіздік кезеңінде қо­быз­­­бен жыр айту өнері жаңа ты­ныс алып, қазіргі мәдени ке­­ңіс­тікте қайта жаңғыра бас­тады. Сондықтан қобызбен жыр орын­дау дәстүрін зерттеу, сақ­тау және дамыту – ұлттық өнер­ді құрметтеудің, рухани са­бақтас­тықты жалғастырудың ма­ңызды жолы. Бұл өнер қазақ халқының өткенін танытып қана қой­май, бүгінгі ұрпақтың ұлттық бол­мысын нығайтуға қызмет етеді.

Салтанат ЕРСҰЛТАН