Ұлы даланың рухы Еуропа төрінде

4

0

Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. «Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.

Мәдени іс-шара Қазақстан Рес­публикасының Бельгия Ко­роль­дігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілі­гі, облыс әкімі Мұрат Нәлқо­жаұлы­ның жә­не ERG қолда­уы­мен ұйымдас­ты­рылды.

Өнер сапары осыдан бір­не­ше ай бұрын Нұрлыбек Маш­бек­ұлының бастамасымен жос­пар­­ланып, қаражаты ше­шіл­ген бо­­ла­тын.

Концертке Люксембургтің мем­­лекеттік мекемелерінің өкіл­дері, дипломатиялық кор­пус мү­ше­лері, кәсіпкерлер, мә­­де­ниет са­ла­сының қызмет­кер­­­лері, сон­дай-ақ осы елде тұратын қазақ­стан­­дық­тар мен студент жастар қа­тысты.

Кеште Қазақстанның Люк­сембургтегі елшісі Роман Ва­силенко құттықтау сөз сөй­леп, мә­дениет пен өнердің ха­лықтарды жақындастыратын маңызды руха­ни құндылық екенін атап өтті. Со­нымен қа­тар мұндай бастамалар мемле­кеттер арасындағы достық қа­рым-қатынасты нығайтып, ха­лықтардың бір-бірінің тари­хы мен дәстүрін тереңірек та­нуына ықпал ететінін жеткізді.

Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік ет­кен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұ­расы кеңінен насихатталып, ұлт­тық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрер­мен на­за­рына ұсынылды. Өнер­­паз­дар орындауындағы шы­­ғармалар ар­қы­лы Ұлы да­ла­ның рухы мен қазақ хал­қы­ның мәдени ерекшелігі шет­­ел­дік көрерменге кеңінен та­­ныс­тырылды.

Кеш қорытындысында өнер­паздар «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі фи­налына айналдырды.