Сырбойылықтар Ораза айтты тойлады

1839

0

30 күн оразадан соң, Рахманның уәде еткен қуанышты сәті – Ораза Айт мерекесін сырбойылықтар кең көлемде, ерекше ықыласпен атап өтті.

Қызылордадағы думанды тойдың көрінісін сипаттар болсақ, облыс әкімінің орынбасарлары Мархабат Жайымбетұды, Қайрат Ырзақұлұлы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне арнайы келіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының жылы лебізін жеткізіп, жұртшылықты Айтпен құттықтады.

Сыр мешіттерінде Айт намазын оқуға жиылған жамағат құлшылығын орындаған соң, ақ дастарқаннан дәм татып, ұлттық спорт ойындарына қатысты. Сайыс жеңімпаздарына қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталса, балаларға Айттық тәттілері таратылды.

Сонымен қатар, мұқтаж жандарға азық-түліктей және т.б. көмек көрсетіліп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Өткен жылдары еліміздегі эпидахуалға байланысты Айт намазының оқылуы шектелген құлшылық ордалары жамағатқа толып, сәні кірді. Мешіт тарапынан ұйымдастырылған шараларды тамашалаған жұртшылық мерекелік көңіл күймен тарқады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<