Әлем чемпионатынан жүлделі оралды

1003

0

Түркияның Стамбұл қаласында 4-7 қараша аралығында каратэ-додан әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.


Атап айтсақ, Алишершарип Қонысбек (60 келі) салмақта, Дамир Камал (67 келі) салмақта, Бақдаулет Құбаш (76 келі), Әсемгүл Ердәулет (50 келі) алтын медаль иеленді. Спортшыларды тартысты додаға дайындауда олардың жүлделі орыннан көрінуіне жаттықтырушы Н.Тойшыбаевтың еңбегі зор.


Бүгінде университетте Әлем чемпионатының 9, Азия чемпионатының 27 жеңімпазы мен жүлдегері жәнеҚазақстан чемпионатының 120 жеңімпазы мен жүлдегері бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<