Қалтай Мұхамеджановтың 90 жылдығына арнал

327

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  белгілі  драматург – жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам  қайраткері Қ.Мұхамеджановтың  90  жылдығына  арналған  «Сөз зергері, сын мергені»  атты   шығармашылық  портрет  кеші  ұйымдастырылды.

Кештің  мақсаты  қазақ  әдебиеті  мен  театрының  тарихында  драматургия  жанрының  профессионалдық  тұрғыдан  қалыптасып  өсуіне, толысып  кемелденуіне, сөйтіп  әлемдік  сахна  кеңістігінен  орын  тауып-өрістеуіне   өлшеусіз  зор  үлес  қосқан  атақты  драматург  Қ.Мұхамеджановтың  шығармашылық  тұлғасын  сомдау.

Қ.Мұхамеджановтың  көркемдік  әлемі – қазіргі  қазақ  драматургиясы  мен театрындағы  бірегей, тік  шырқау  құбылыстары  санатынан  орын  алады. Мұның  өзі  оның  қазақ  сахнасы  мен  өнерінің, мәдениетінің  төріндегі  айтулы  орнын  айқын  көрсетеді.   

Іс-шарада  жазушының  сан-салалы  шығармашылығына    талдау,   қоғамдық-әлеуметтік  тақырыптарға  жазған  мақалалары  мен  сыни  пікірлеріне, шынайы  көзқарастары  мен  азаматтық  позицияларына  шолу  жасалды. Студенттер  драматург-жазушының  пьесаларынан  қойылымдар  көрсетті.

Мәдени  шараға ардагер  журналист Қайыр  Қорасани Мырзахметов,  Қорқыт Ата  атындағы  мемлекеттік  университеттің студенттері мен  оқытушыcы   Қ.Құдайбергенов, М.Мәметова  атындағы Қызылорда педагогикалық  жоғары  колледжінің, көпсалалы  «Ұлағат»  колледжінің  студенттері, «Жауһазын-ғұмыр» клубының  мүшелері  және Қ.Мұхамеджановтың   туысқан  інісі  Мұхамеджанов Сұңғат Ибрагимұлы  қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<