«Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады

534

0

28 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған қазақ күресінен IX облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады.

  Оған  Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда        250-дей балуандар қатысады. Жарыс 3 кезеңнен 4 жас ерекшелігі бойынша өткізіледі. Жас ерекшеліктері бойынша 2003-2004 ж.т. кіші жасөспірімдер, 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер, 1999-2000 ж.т. жастар және ересектер арасында балуандар 32 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.
   Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.
Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар  шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
  Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 12.30-да.
 Барлық қала тұрғындарын жарысты тамашалауға шақырамыз.

  Кіру тегін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<