Арал мәселесін шешу үшін Қырғызстанды ХАҚҚ-қа қайта қатысуға көндіреміз – ҚР СІМ

152

0

Орта Азия елдері Арал мәселесін шешу үшін Қырғызстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына қатысуын қалпына келтіру мақсатында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Парламент Мәжілісінде өткен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйі туралы дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бізде бір мәселе бар. Ол Қырғызстан халықаралық Аралды құтқару қорына өзінің қатысуын тоқтатты. Сол себептен біз, барлық ел (Орта Азия елдері – авт.) Қырғызстанның қорға қатысуын қайта қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Басшылығы ауысқан көрші елдің конструктивті емес позициясына байланысты олар осылай жасап отырғаны түсінікті», – деді Койшыбаев.

Сыртқы істер министрі орынбасары Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті 9 жылдан кейін алғаш рет 2018 жылы 30 қаңтарда жиналғанын атап өтті.

«Отырыс Түрікменстанның төрағалыққа келуіне байланысты өтті. Сонымен бірге Өзбекстандағы жағдайдың өзгеруіне байланысты осы шараны өткізу мүмкін болды. Аймақтағы бес елдің барлығы арал мәселесін талқылауды бастау үшін есік ашылды деуге болады», – деді ол.

СІМ өкілінің айтуынша, мемлекет басшыларының қатысуымен биыл тамыз айының соңында ХАҚҚ саммитін өткізу жоспарланып отыр.

«Бірнеше жылдан соң алғаш рет президенттер бас қоспақшы. Жалпы айтқанда ХАҚҚ біздің Орталық Азиядағы жалғыз ресми интеграциялық алаңымыз болып отыр», — деді Қойшыбаев.