Бәбіш мола кешенінде зерттеу жүргізілді

938

0

Қармақшы ауданы аумағында орналасқан ежелгі Бәбіш-Мола кешенінде биылғы жылы да зерттеу жұмысы өз жалғасын тапты. Көне қалашық біздің заманымызға дейінгі IV-II ғасырлармен мерзімделген.


Зерттеу Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен жүргізілуде. Ол жыл сайын тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазба жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілді.


Қазба жұмысы барысында Көзешілер ауылынан шеберханалар, астық сақтау орындары ашылып және барлау жасалды. Оған қоса ерте темір дәуіріне жататын қоныстар, жерлеу орындары мен қола дәуіріне жататын үш обаның орындары анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<