Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған байқау өтеді

283

0

 17-18 мамыр күндері Қызылордада танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған «Отан-Ана» екінші республикалық әншілер байқауы өтеді. 
Ән сайысына 18 бен 30 жас аралығындағы жас орындаушылар бақ сынайды. 
Байқау 2 кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңде қатысушылар еркін тақырыптағы ән орындаса, екінші айналымда Б.Шөкеновтің әнін аспапты ансамбльдің сүйемелдеуімен орындайды.
Қатысушылардың өнерін республикаға танымал кәсіби музыканттар, композиторлар, музыка өңдеушілер, мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайды. Үздіктер орындау шеберлігі, сахна мәдениеті мен бейнесі, репертуар таңдауы бойынша анықталады. 
Республикалық байқау облыстық әкімдіктің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<