Батырларды ұлықтау мақсатында облыстық байқау ұйымдастырылды

1348

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Батырды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» атты облыстық байқау ұйымдастырылды.


Аталған шараға Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдау білдірді.
Облыстық байқау өскелең ұрпақты ұмыт бола бастаған ауыз әдебиеті жауһарларының қомақты құрамдас бөлігі саналатын батырлар жырымен сусындату мақсатында қолға алынды.


Байқаудың І кезеңі аудан және қала орталықтарында 1-15 наурыз аралығында өткізілді. Байқауға облыс көлеміндегі 5-9 сынып оқушылары қатысты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған 12 оқушы облыстық байқауға жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<