Байқоңырдан ұшқан зымыранның жарқырауы алматылықтарды таңғалдырды

291

0

Алматы тұрғындарын түнгі аспандағы зымыран іздері таңғалдырды. Тұрғындар желіге түнгі аспанда түсірілген ерекше суреттерді желілерде жариялап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, 10 шілде күні түнгі жергілікті уақытпен 03:51-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-09» жүк кемесі «Союз-2.1а» ракетасымен ұшты. 

Роскосмостың Фейсбуктегі парақшасында зымыранның ұшу процесінің суреті мен видеосы жарияланған.

«Жүк кемесі 3 сағат 40 минутта Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті.  «Прогресс МС-09»  халықаралық ғарыш стансасына 2 тоннаға жуық жүк, оның ішінде отын, сығылған газ, «Орлан-МКС» скафандрын, ғылыми жұмыстарға арналған құралдар, медициналық дәрмектер  жеткізді», – делінген парақшада.

https://www.youtube.com/watch?v=ntDpkzZ876w

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<