Биік тұғырым, бірегей сүйенішім

466

0

Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1993 жылғы қолданыстағы Конституциямыз ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай келмеді. Атап айтқанда, онда адамның жеке құқығын мен бостандығын қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүргізу нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған еді. Сондықтан 1995 жылы Ата Заңымыз қайта қабылданды.


Жаңа Конституция заң шығарушы, атқарушы және сот билігін белгілеп, олардың құзіреті мен өзара әрекет етуін заң тұрғысынан нықтай түсті.


Халықтың саулығына, қауіпсіздігіне, еркіндігіне кепілдік беретін бұл құжат өзінің нормалары мен қағидалары арқылы ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғамымызды дамытып, алға бастайды.


«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – деп көрсетілген Конститутция кірісіпесінде.

Демек, Конститутция әрбір қазақ елі тұрғынының биік тұғыры, бірегей сүйеніші болмақ. Олай болса, басты міндет жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту болып табылады.


Әрбір азамат өз Отанын сүйіп, оның құндылықтарын шекара күзеткендей қорғай білсе, ол мемлекеттің іргесі ешқашан шайқалмақ емес. Сол басты құндылықтарымыздың бірі – Конститутциямыз.


Конституцияның қабылданған күні – мемлекеттік мереке. Әр жылы 30 тамызда барлық қызметкерлер мен жұмысшыларға бір күндік еңбек демалысын алып, мерекелеуге құқылы.


Бұл да – Ата Заңға құрмет көрсетудің бір шарасы.


Әрқашан заңымызды сыйлап, оны орындап жүрсек, ол әр адамның өз елінің құқықтық дамуына қосқан үлесі болып саналады. Бауыржан атамыз айтқандай, «тәртіпке бас иген құл болмайды», керісінше тәрбиелі ұрпақ – елдің жарқын ертеңі.

Рүстем БЕРКІНБАЕВ,

Қызылорда облыстық кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының сот хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<