ДАҢҒАЗАЛЫҚ ЖӨН ЕМЕС, ҰЙЫСАТЫН ЖОЛ ЕМЕС

387

0

Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің «Қазақи қасиеттерімізді жаңғыртудағы облыс ардагерлер ұйымдарының міндеттері туралы» тақырыпта форум өтті. Форум жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, мешіт имамдары мен жастар, ардагерлер қауымы қатысты. 

Келелі жиында кеңес төрағасы Сейілбек Шаухаманов аталған тақырыпта баяндама жасап, қо­ғам­дағы дағдарыстың ең қиыны руха­ни дағдарыс екендігін атап, ұлттық салт-дәстүрді дамытуға байланысты түйінді мәселелерге тоқталды.

Халқымыздың тәнін, жанын сауықтыру, рухани жаңғырту мақ­сатында Президентіміз «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Өзінің ұла­ғатты ұсыныстарын, ордалы ойла­рын ортаға салды.

Бүгінгі қоғамда қасіретті жағ­дай балаларының әке-шешесін бақпай-қақпай қарттар үйіне апа­­рып тастауы, сондай-ақ, тірі әке-шешелері бола тұра туған бала­ларын жетімханаға немесе тіптен көшеге тастап кетуі секілді санамызға сыймайтын, ойымызға орнықпайтын оғаш оқиғалар кез­десуде.

Баяндамашы «Мәңгілік ел» болу үшін, өркениетті, өнегелі ха­лық болу үшін, рухани жаңғыру үшін алдымызда тағы да бірнеше аса жауапты, тағдырлы міндеттер тұрғанына тоқталды.

Ол шілдеханадан бастап, жа­на­заға дейінгі, тал бесік пен та­быт­тың арасындағы қазақ тари­хында қалыптасқан елуге тарта рәсім­дерімізді, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерімізді заман тала­бына, бүкіл адамзаттық мәдениетке, өркениетке сәйкестендіріп, арты­ғын алып тастап, жетпегенін жетіл­­діріп, жаңартуымыз, жаң­­ғыр­туымыз керек. Оны тәр­тіпке келтірмей, реттемей, адам­дарымыздың санасын, салтын рухани жаңғырта алмаймыз, іргелі ел, қабырғалы халық болып, қазақ болып қала алмаймыз.

Келелі жиында кеңес төрағасы Сейілбек Шаухаманов аталған тақырыпта баяндама жасап, қо­ғам­дағы дағдарыстың ең қиыны руха­ни дағдарыс екендігін атап, ұлттық салт-дәстүрді дамытуға байланысты түйінді мәселелерге тоқталды.
Халқымыздың тәнін, жанын сауықтыру, рухани жаңғырту мақ­сатында Президентіміз «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Өзінің ұла­ғатты ұсыныстарын, ордалы ойла­рын ортаға салды.
Бүгінгі қоғамда қасіретті жағ­дай балаларының әке-шешесін бақпай-қақпай қарттар үйіне апа­­рып тастауы, сондай-ақ, тірі әке-шешелері бола тұра туған бала­ларын жетімханаға немесе тіптен көшеге тастап кетуі секілді санамызға сыймайтын, ойымызға орнықпайтын оғаш оқиғалар кез­десуде.
Баяндамашы «Мәңгілік ел» болу үшін, өркениетті, өнегелі ха­лық болу үшін, рухани жаңғыру үшін алдымызда тағы да бірнеше аса жауапты, тағдырлы міндеттер тұрғанына тоқталды.
Ол шілдеханадан бастап, жа­на­заға дейінгі, тал бесік пен та­быт­тың арасындағы қазақ тари­хында қалыптасқан елуге тарта рәсім­дерімізді, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерімізді заман тала­бына, бүкіл адамзаттық мәдениетке, өркениетке сәйкестендіріп, арты­ғын алып тастап, жетпегенін жетіл­­діріп, жаңартуымыз, жаң­­ғыр­туымыз керек. Оны тәр­тіпке келтірмей, реттемей, адам­дарымыздың санасын, салтын рухани жаңғырта алмаймыз, іргелі ел, қабырғалы халық болып, қазақ болып қала алмаймыз.

Кеңес төрағасы мұнан әрі қазақта «Ас көп болса, кәде көп» деген сөз бар екенін айтты. Қазір бүкіл қазақ есепсіз ас пен тойдың әлегімен әуре. Қазақ дәстүрінде той және томалақ деген ұғымдар бар. Қызды ұзату, ұлды үйлендіру, сүндет, бұл – той, ал қалғанының бәрі томалақ болып есептеледі. Той топыр емес, ас ішіп, аяқ босататын жер емес, той кезекті көңіл көтеру кеші емес, той – ұрпақ, рух салтанаты, тарихи, мәдени шара, мәдениет, өнер, өнеге, тәрбие мектебі. Той – тарихтан тағылым, қазақтың ұлылығынан ұлағат алатын орын. Ал енді осы тойлар, томалақтар бізде қалай өтіп жатыр? Кез келген дәстүрдің озығы да, тозығы да бар емес пе деген ойларымен бөлісті.

Алдымен тойға шақырылғандардың алыстан, жақыннан келіп кетуін, бір-екі сағат кешігіп басталуын қоса есептегенде бір тойға 6-7 сағат алтын уақыт кетеді. Бұл бір жұмыс күні емес пе? Онсыз да біз демалыс күндерін, мереке күндерін, 39 күндік еңбек демалысын қоса есептегенде әр жылдың тең жартысына жуығын жұмыс істемейміз. Ендеше жұмыс істемей қалай жақсы тұруға болады?

Дүниеде ең қымбат нәрсе – ақша да, алтын да емес, уақыт.

Келесі мәселе тойға жарыспен, бәсекемен, даңғазалықпен, дара­қылықпен есепсіз көп адамдардың ша­қырылуы. Тойға, біздіңше, туыстар, жек­жаттар, әріптестер, достар, жолдас­тар, өзің жақсы білетін, өзіңді жақсы бі­летін, жақсы көретін, отбасылық қа­рым-қатынастағы тілеулес адамдар ғана шақырылуы керек екенін еске салды.

Ал өмірі үйіңді көрмеген, үйін көр­меген, есігінің қай жаққа қарай ашыла­тындығын білмейтін адамды тойға ша­қыру да жөнсіз, ретсіз жағдай, көпшілік оны тек ақша жинаудың, ақшасын қа­йыруд­ың шарасы деп бағалауда. Бас­қаша қалай бағалауға болады? Той жө­нінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай бас­шы­­лы­ғының арнайы жарлық шығаруы, Қа­зақстан Президентінің бірнеше рет ер­ек­ше ескертпе жасауы, тегіннен тегін емес.

Әдетте, тойлардың басым көп­шілігінде есепсіз ысырапқа жол беріледі. Ислам қағидаларында ысырапты шайтанның ісі деп бағалайды. Қажет пе, қажет емес пе, жей ме, жемей ме онда ешкімнің де шаруасы жоқ, әйтеуір дастарханды толтырып, жайнатып қою міндет. Көп жағдайда есепсіз, ретсіз дайындалған тамақтың 70-80 процентін ысырап болуы ешкімді де ойландырар емес. Тіптен банкіден несие алып, той жасап, кейін қарызын қайтара алмай қиналып жүрген жандар қаншама? Сондай-ақ, асабалар атқаратын беташарлар да бетімен кеткен рәсімдердің бірі.

Кеңес төрағасы өтіп жатқан тойлар­дың басым көпшілігінің деңгейінің,  тәрбиелік мәнінің төмен­дігін, өнеге, үлгі, сабақ аларлық ештеңенің жоқ­тығын сынады. Айқай-шудан, даңғаза мәнсіз, мағынасыз әннен, әдепсіз биден, музыкадан басың айналады. Оннан, жиырмадан, отыздан топтап сөз беріледі, ұзын-сонар жиналысқа айналады. Сонда да тойдың аяғы кәдімгі бітпейтін наз, дауасыз дау, өкпе-қолқа. Тойдан демалып, көңілденіп, шаттанып қайтудың орнына ренжіп, еңсең түсіп езіліп, шаршап қайтасың. Ал енді осы той-томалақтарды қалай реттеуге болады?

Ең өрескел кемшілік сол, кейінгі кезде астардың дастархан мәзірі той­лардыкіне теңесіп, есепсіз ысырапқа жол берілуі. Ас дастарханына желінетін де, желінбейтін де, қажет те, қажет емес те, тегі дүдәмал тағамдар талғамсыз қойылуда.

Баяндамашы міндетті ас дастарха­нында қазақтың ұлттық тағамдары же­­лінетін мөлшерде ғана болып, ысырапқа жол берілмеуі керек екеніне тоқталды.

– Біздіңше, қазалы үйде қазан көтерілмеуі керек. Өлік шығып жатқан үйден тамақ ішу дұрыс емес. Қазалы үй қарын толтыратын жер емес. Қайта барлық туыс, жора-жолдас, ағайын, ұжым, көрші-қолаң болып 3-4 күн қаралы отбасын, оның әрбір мүшесін ерекше қамқорлыққа алып, олардың қайғысын жеңілдетуге, барлық шаруадан, қосымша міндеттерден түгелдей босатуға күш салу қажет – деді ол.

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тұрғанбай Маханов көтерілген тақырыптың екі мәселесіне назар аударды. Біріншіден, қазір тойлар 5-6 сағатқа созылатын болып жүр. Бұл мейрамханадағы таза ауаның, оттегінің тапшылығын туғызып, үлкен-кішінің денсаулығына кері әсер етеді. Содан көбі тойдан шаршап шығады. Мұның үстіне даңғаза музыка мен қатты дыбыс та салмақ түсіреді. Сонымен бірге өлікті үйде екі-үш күн сақтау медициналық жағынан да қолайсыз екенін айтып, аурухана мен мешіт жандарынан арнайы орындар дайындалғаны жөн екенін еске салды. Облыстық «Сырдария-Ақмешіт» мешітінің бас имамы Б.Әбуов діни мәселелерге байланысты ойларымен бөлісті. Өмірді жаратқан Алла өлімді де жаратты. ҚМДБ жаназа және жерлеу рәсімдері жөнінде арнайы кітап шығарғанын, ол жергілікті мешіттерге таратылып берілгенін жеткізді. Имам осы мәселедегі кейбір асыра сілтеушіліктерге ел болып тосқауыл қою керектігін, ас берудегі ысырапшылдық,  зәулім бейіт салу, құлпытасқа сурет салу, т.б. мәселелерге байланысты пікірін білдірді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ғалым Қазыбай Құдайбергенов философия ғылымы даналық туралы ұғымды білдіретінін, өмірдің мәні тереңде екенін айтты. Қазіргі интернет, жаһандану заманында ұлттық кодты сақтау, рухани жаңғыру арқылы ұлттық рухымызды, дін мен ділді сақтап қалуға болады. «Қор» мұнай компаниясы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәпен Аңсатов бас­тауыш ұйымдар өз ұжымдарында тәлім- тәрбиемен жете айналысуы керектігін атады. Үлкеннің үлкендік жолы, ақыл-кеңесі баршаға үлгі болуы керек. Өкінішке орай,  үлкендеріміз тойда мағынасыз әндерге би билеп жатқанын көргенде қарның ашады. Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова да тәрбиелік мәні бар жұмыстардың аудандағы жағдайына тоқталды.

«Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіхалықова салт-дәстүрімізді дамытуда ұлттық пе­да­­гогиканың алар орны ерекше еке­нін айтты. Халықтық педагогика жас ұрпақтың бойына мәуелі тәлім-тәр­­бие сіңірумен қатар, бүгінгі көп мә­селелердің оң шешілуіне ықпал етеді. Қоғамдағы рухани жаңғыруды жүзеге асыруда ардагерлер ұйымы көшбасшы болуы қажет.

Форум жұмысына қатысқан облыс­тық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ардагерлердің көтеріп отыр­­ған мәселесі заман талабынан туын­даған, ұлттық салт-дәстүрдегі кей­бір жағдайлар қоғамды бейжай қал­дырмайтын өзекті тақырыптар екенін атап өтті.

Абай атамыз, «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін» дегендей, бұл көптің көкейіндегі, халықты толғандырған, елдің бірлігі мен тірлігіне, ұлт болып ұйысуға қатысты маңызды мәселе. Сондықтан онымен мемлекеттік,  қоғам­дық ұйымдар бірлесе айналысып, нақты нәтиже шығарады деген сенімдеміз.

Форум күн тәртібіндегі талқыланған мәселелерге орай мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға, ардагерлер кеңестеріне қаулы қабылдады. Жиында аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласқан бір топ ардагерлер марапатталды.

Ж.ӘБІШОВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<