ЭКСПО нысандары қандай мақсатта қолданылады?

442

0

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-турда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Владимир Лютов журналистерді көрме нысандарыныңқайта құрастыру жөніндегі ауқымды жұмыстарымен, сондай-ақ, Ұлттық компанияның ЭКСПО-2017 мұрасын дамытудағы басты міндеттерімен таныстырды.

 Жақында ғана еліміздің Президенті ЭКСПО-2017 нысандарын  көрмеден кейінгі қолдануы туралы жаңартылған концепциясын мақұлдады. Ол ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі мұрасын тиімді пайдалану және әрі қарай дамытуға бағытталған.

«Бүгін, Елбасымыз Н. Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына көрме нысандарын тиімді және лайықты қолдану, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тәжірибесін экономиканың барлық салаларында пайдалану туралы нақты міндеттер қойды», – деп атап өтті Владимир Лютов.

ЭКСПО жас астанамыздың өсуіне септігін тигізетін, сондай-ақ, IT-технологиялар, стартаптар инновациялық алаңы болуы керек. Қойылған міндеттердің аясында ЭКСПО аумағында АХҚО, «Astana Hub», Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы, IT-университет сияқты ауқымды жобалар іске асырылмақ.

Сондай-ақ, көрме кезінде корпоротивтік павильон орналасқан C4.6 павильонында да қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 5 мың шаршы метрді, кейін – 9,6 мың шаршы метрді құрайды.Бұл павильонда «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркін орналастыру жоспарланып отыр. Онда дәрісханалар, конференц-залдар, виртуалды ақиқат жобаларын өңдеу зертханалары, сондай-ақ, «Astana Hub» серіктестері мен әкімшілігі үшін кеңселер қарастырылмақ. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Astana Hub» жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бір бөлігі. Дәл осы орталықта кейін цифрландырудың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатын қызықты және бірегей стратаптар дүниеге келмек.

Сондай-ақ, С3 және С4 павильондарын қайта құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Көрме кезінде онда халықаралық павильондар орналасқан болатын. Келер жылы бұл ғимараттарда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналасады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта мына екі павильонның пайдалы аумағы 56,8 мың шаршы метрді құрайды. Қайта құрастыру жұмыстарынан кейін аумағы 82,0 мың шаршы метрге дейін кеңеймек.

С3 блогында АХҚО-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелері орналаспақ. Олар: әкімшілік, халықаралық сот, комитет, қор биржасы және т.б.. С4 блогында банктер мен АХҚО-ның білім беретін мекемелері орналасады.

АХҚО кешенінің ғимараттары БРИАМ (BREEAM) ғимараттарды экологиялық тиімді бағалау әдісімен сертификатталмақ. Бұл тіршілік әрекетінің қауіпсіздік аспекті, қоршаған ортаға әсері мен жайлылықтың жоғары сапалы стандарты.

Қайта құрастыру жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталмақ.

Басқа екі халықаралық павильонда IT-университет пен заманауи бизнес-орталығы жайғастырылмақ.Екі павильонның қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 47,6 мың шаршы метрді, кейін – 72,3 мың шаршы метрді құрайды.

ЭКСПО аясында IT-университеттің орналасуы мен ашылуы бекер емес, себебі, университет еліміздің цифрлық экономикасына жоғары білікті мамандарды дайындаумен айналыспақ. Бизнес-орталық біріншіден АХҚО мақсаты мен міндеттеріне қарай бағытталады. Онда ірі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары, сондай-ақ, АХҚО резидент-компаниялары орналастырылады.

Елбасының бастамасымен ЭКСПО негізінде, атап айтқанда «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылмақ. Экспозициялардың бір бөлігі «Үздік тәжірибелер аймағы»аясындасақталып қалса, екіншісі «Нұр Әлем» павильонына ауыстырылмақ. Осылайша, біз ЭКСПО мұрасын сақтап қаламыз. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі аумағы – 3115 шаршы метр, ал кейінгі – 4,6 мың шаршы метрді құрайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары аса қызығушылық танытып отырған «Нұр Әлем» павильонына жаңа контент енгізу аясында жұмыстар атқарылып жатыр.

Павильондарды қайта құрастыру жұмыстарынан бөлек біз6 га құрайтын көрме аумағының абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатырмыз. Осылайша, «Тәуелсіздік» монументі жағынан парк аумағы жалғастырылмақ.Парк аумағы кезінде Цирк дю Солей, Амфитеатр, Шелл павильоны орналасқан алаңда орналасады.

Ауқымды құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан, Астана күніне орай ЭКСПО аумағында қонақтардың дем алуына барлық мүмкіндіктер жасалады.

Павильондарды жағалай бульвар ашылмақ. Мұнда көрме кезінде келушілер мен туристердің көңілінен шыққан жалынды су бұрқақтар шоуы жұмыс істей бастайды. Шағын дәмханалар мен мейрамханалар да жаңа маусымға дайындықтарын бастап кетті.Оған қоса, балаларға арналған, соның ішінде ерекше сұранысты талап ететін балаларға бейімделген ойын алаңдары жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, жазғы және күзгі маусымға ауқымды мәдени ойын-сауық шаралары жоспарланып қойды. Концерттік бағдарламаларды өткізу үшін ашық сахна жұмыс істейтін болады. Қонақтарымызды тосын жайттар мен сүйікті әлемдік жұлдыздарымен кездесулер күтуде.

 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ

Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<