Ерікті құтқарушыларға шеберлік сағаты өткізілді

573

0

Бүгін Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Жедел құтқару жасағының Сүңгуірлік құтқару бөлімінің басшысы Ролан Әбдіхалықов пен Құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Әркен Ахметов «Арай» қалалық жағажайында шеберлік сағатын өткізді.


Онда ерікті құтқарушыларға суда зардап шеккен адамдарды құтқару, судан адамды тасымалдау, суда зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету басқа да суда құтқару әдіс-тәсілдері жөнінде жөнінде кеңес берілді.


Іс-шара барысында «Арай» қалалық жағажайының 13 ерікті құтқарушысы оқытылды. Ерікті құтқарушылар өз тәжірибелерімен бөліскен құтқарушыларға алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<