Еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков 32 жасқа толды

872

0

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында еркін күрестен өткен Əлем чемпионатында жерлесіміз Дәулет Ниязбеков күміс жүлдені иеленіп, Токио Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.


Ол 1989 жылы 12 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1996 жылы № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданды.


2001-2006 жылдар аралығында Қызылорда облысындағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатта тәлім алды.


10 жасынан бастап еркін күреспен айналысқан.
2007-2009 жылдары аралығында Алматыдағы орталық Армия спорт клубының спорт колледжінде, 2009-2011 жылдары Қазақтың дене тəрбиесі академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тəмəмдаған.

Қазіргі таңда еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 8 дүркін Қазақстан жеңімпазы, 3 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысушы.


Бапкері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<