Ғалым Темірхан Тебегенов әдеби сыйлықтың төсбелгісімен марапатталды

925

0

Белгілі ғалым Темірхан Сақаұлы Тебегенов Халықаралық «Таңжарық зерттеу» қоғамдық қорының Таңжарық атындағы тұңғыш әдеби сыйлығының лауреаты төсбелгісімен марапатталды, деп жазады Syrboyi.kz.


Сыр өңірінде дүниеге келген ғалым көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ол еліміздегі және алыс-жақын шетелдердегі қазақ әдебиеті ақын-жазушыларының шығармаларын оқыту, ғылыми-зерттеу бойынша көптеген еңбектерді жариялады. Олардың қатарында монографиялар, оқу құралдары, мақалалар бар. Сондай-ақ, Моңғолиядағы, Қытайдағы, Өзбекстандағы қазақ әдебиеті мұралары бойынша шәкірттердің (студенттердің, магистранттардың, докторанттардың) зерттеулеріне (дипломдық жұмыстар, диссертациялар) ғылыми жетекшілік жасады, кеңесші болды.


Темірхан Тебегенов – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<