ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ – ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚЫЗЫЛОРДАДА

144

0

Аймақта алғаш рет Астана қаласының 20 және Қы­зыл­орда қала­сының 200 жыл­ды­ғына орай облыс әкі­мінің ку­­богы үшін «Qyzylorda open – 2018» атты ха­лық­аралық бал­дық би фестивалі өтті. Байқауды облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжатттама басқармасы ұйымдастырды. Қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов тілек­тестік білдірді. Би бай­қауының мақсаты – облыста балдық би өнерін дамыту, талантты жастарды қол­дау. Фес­тивальға Грузия, Белоруссия, Украина, Ресей, Өзбек­стан, Қырғызстан мем­ле­кеттерінен және елі­міз­дің облыстарынан 500-ге тарта биші қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – 92, екінші кезеңде – 138, үшінші кезеңде – 15, төртінші кезеңде 82 жұп бақ сынасты. Өнер көрсетушілердің жас шамасы 4-25 жас аралығында.  
­Әдемілік пен шеберлікті үйлестіретін балдық бидің де бірнеше түрі болады. 1920 жылы Англияда қалыптасқан бұл бидің түрлері шетелде аса танымал.
 –  Халықаралық деңгейде турнир өткізудегі мақсатымыз – облыста балдық би деңгейін көтеріп, жастарды ынталандыру.  Ол латын-америкалық және еуропалық деп екіге бөлінгенмен, әрқайсысы тағы да бес түрлі биден тұрады. Ерекше қуанатын жағдай, халықаралық балдық би байқауы белгілі мерейтойларға орай, облыс әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет өткізілді. Шетелдің талантты жастары Қызылордада бас қосты. Фестивальда Сыр елінің жастары оннан аса алтын медаль иеленді. – Бүгін өнерге, мәдениетке деген үлкен қолдауды сезіндік, бұл өнерлі жастарға серпін береді. Балдық би – спорт пен ғылым, мәдениет пен әдептілік тәрбиесін тоғыстыратын ерекше өнер, − дейді қаладағы «Алекс» өнер мектебінің директоры Елена Ким.  
Фестивальда бишілердің өнерін Дондағы Рос­товтан келген Мария Кривко мен ҚР Ұлттық би кеңесінің президенті Игорь Ким бастаған 24 қазы бағалады. Би байқауында көбелекше қанат қағып, бала қылығымен баурайтын бүлдіршіндер көп болды. Өнер әлемінде бірнеше белесті бағындырып үлгерген жас өнерпаздың бірі – Гүлбану Ерсайын. Ол фестивальда алтынмен қатар, күміс алқаны да еншіледі. Он үштегі талантты қыз Тараз қаласынын келіпті.
 – Би билеуді үйренгеніме 8 жыл болды. Бүгін серіктесім екеуміз латын-американдық және стандартты би биледік. Қатысушылар арасында отыздан аса тараздық бар, көбі Қызылорда қаласына алғаш рет келді. Бұл жердің атмосферасы ұнады, еркін әрі қобалжымай би биледік. Болашақта балдық би түрінен кубок аламын, − дейді ол.
Би фестивалі еліміз бен көрші мемлекеттен келген би топтарының тәжірибе алмасып, рухани байланыс орнатуына мүмкіндік берді. Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».