ХҚКО-дағы қауышу күні

758

0

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы -«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде Наурыз мерекесінің басты жоралғыларының бірі «Қауышу күні» кеңінен аталып өтті.

Департамент басшысы  Айнұр Шорабекқызының қолдауымен «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығы мен  «Тағылым» балаларды шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырылған шарада «Ұлыстың ұлы күні» – Наурыз мерекесіне орай «Қобыз үні» атты дәстүрлі ұлттық нақыштағы көрмесін өткізілді.

Тамыры тереңде жатырған көнекөз аспабымыз жайлы әртүрлі ақпарат бар. Солардың бірі Қорқыт бабамызды қобыз атасы деп, бастауын 9-10-шы ғасырдан десе, енді бір деректе сонау ислам діні енген 600-шы жылдармен байланыстырады. Алайда, ұлтым, салтым деген ұрпақ үшін оның шыққан тегінен қарағанда біздің заманымызға аман жеткені бақыт.

Тағы бір айта кетерлік жайт, он төртінші наурызды халқымыз қыстан аман-сау шығып, жыл басы наурызға аман жеткен күн ретінде «Қауышу күні» деп атайды. Бұл күні кішілер үлкендерден бата алып, ауыл-аймақ  жиылып мәз-мәйрам болып, төс қағыстырған.

Сонымен қатар, көрмеде арнайы жасақталған комиссия құрамының шешімімен жүлделі 1 орынды ағаш шебері Жәнібек Асанов жеңіп алды. 2 орын ағаш және мүйіз шебері Мырзабек Қоныбаевқа, 3-ші орын тоқыма шебері Бақытгүл Райымбаеваға бұйырды.  Сондай ақ,  19 номинация бойынша арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар беріледі. Атап айтар болсақ,  «Ағаш ұстасы», «Өз ісінің  шебері», «Сыр шебері», «Өнерлі қыз», «Өз ісінің майталманы», «Көркем сурет», «Атакәсіп шебері», «Құрақ көрпе», «Зергер»,»Жас шебер»,»Үздік шәкірт», «Ұсақ моншақ», «Асыл ұстаз», «Өнерлі жігіт», «Алтын қолды шебер», «Талапты ұл-қыз тарихи жұлдыз», «Шебер педагог-2018», «Тоқыма шебері», «Ою өрнек – тарихи мұра».

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<