ҰҚК департаментінің бастығы тағайындалды

393

0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы лауазымына Баймағамбетов Мақсұт Кәкімұлы тағайындалды.
М.Баймағамбетов 1966 жылы туған. Қазақ политехникалық, сондай-ақ Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институттарын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Арқалық қаласындағы Алексеев қиыршықтас зауытында бас маркшейдер ретінде бастаған.
1993 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарып келеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<