Марстың алғашқы түрлі түсті суреті пайда болды

410

0

Америкалық Аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Марстың алғашқы түрлі түсті суретін жариялады. Сурет Ingenuity ұшағы арқылы түсірілген, – деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.


Суретте Қызыл планетаның беткі қабаты және Perseverance марскезерінің Езеро кратерінде қалып қойған іздері көрсетілген. Сурет 2021 жылдың 22 сәуірінде түсірілген.


«Бұл ұшқыш аппарат ауада жүрген кезде түсірілген Марстың алғашқы түрлі түсті суреті», – деді NASA өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<