Мүмкіндігі шектеулі балаға қол ұшын созды

1102

0

Жақында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қабылдауына келген қала тұрғыны Самал Байкенованың мәселесі оң шешімін тапты.


Ол 2020 жылдың 22 желтоқсаны күні облыстық партия филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Нұридин Әмитовтың қабылдауына келген еді. Өзінің жалғызбасты, жұмыссыз, пәтер жалдап тұратынын тілге тиек етті. Жүздесу барысында 2 баласының мүмкіндігі шектелуі екенін айтып, бронхиалды астма диагнозымен ауыратын 7 жасар ұлының тыныс алуына қажетті неволайзер аппаратын алып беруге көмек сұрады.


Облыстық көпбейінді медициналық орталығының директоры, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұридин Әмитов жалғызбасты ананың өтінішін жерде қалдырған жоқ. Жалғызбасты ананың 7 жасар баласы Құдіретке тыныс алу аппаратын алып беріп, оның тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Жалпы облыс бойынша жыл басынан партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 64 өтініш түсіп, олардың 34,3 пайызы оң шешімін тапқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<