Облыс әкімінің құттықтауы

433

0

Облыс әкімінің құттықтауыҚұрметті жерлестер!
Қымбатты әлеумет!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі.
Қазақстан Республикасы әрбір азаматтың ар-ождан бостандығына кепілдік берілген және барлық конфессия ұстанушыларының заң алдында теңдігі қамтамасыз етілген зайырлы, демократиялық мемлекет.
Зайырлы қоғам және жоғары руханилық – біздің басты құндылықтарымыз.
Бірлік және келісім –  Қазақстан дамуының негізі. Ел тәуелсіздігі мен табыстарының сақталып дамуы біз үшін маңызды.
Ұлық мереке құтты болсын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла қабыл етсін!

Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге  бірлік пен ынтымақ әкелсін!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

                                                     Құрметпен,
                                                     Қызылорда облысының әкімі       Қ. Көшербаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<