Облыста «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

777

0

Облыста жол апатының алдын алу мақсатында 9-11 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі бағыты – жол инфрақұрылымына тексеру жүргізіп, көлік жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар атқару болып табылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Марат Рахметов хабарлады.


-Жыл басынан 34 жол көлік оқиғалары тіркеліп, 20 адам көз жұмды. Ал 48 азамат түрлі дене жарақаттарын алды. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы мен қысқы мезгілде жол жағдайына аса мән бермеу салдарынан орын алуда. Жыл басталғалы жол тәртібін бұзған 5 982 жағдай анықталды. Оның үш мыңға жуығы жол көлік оқиғасына тікелей байланысты. Атап айтқанда, көлікті мас күйінде жүргізген – 104, жаяу жүргіншіге жол бермеген – 120, жылдамдықты шектен тыс асырған – 2084 дерек тіркелді. Анықталған деректер бойынша құқықтық шара қолданылуда, – деді Марат Рахметов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<