Қала әкімі құрылысшыларды төл мерекемен құттықтады

1476

0

«Құрметті құрылысшылар!


Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Бұл – ежелден сұранысқа ие болып, бүгіннің өзінде маңызы артқан мамандықтардың бірі. Олай дейтінім, айналамызда құрылысшылар қолының ізі қалмаған нысандар кемде-кем.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, құрылыс саласы экономикасы дамыған елде ғана қарқын алады.

Бұл нарықтың бұлжымас заңдылықтарының бірі. Бүгінде әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан еліміздің қай түкпіріне барсаңыз да жаңадан салынып жатқан нысандарды көреміз. Демек, мемлекет экономикасының тұрақты даму үстінде екенін білдіртсе керек.


Міне, бұл үрдістен Сыр шаһарында да жыл өткен сайын жанданып, салынатын құрылыстар қатары көбейіп келеді.
Биылғы жылдың өзінде білім, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жол және коммуналдық салаларда ағымдағы және күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар да жетерлік. Жеке кәсіпкерлердің қаржысымен салынатын ғимараттар саны жылдан-жылға артуда.


Бұлардың барлығы – өңіріміздегі құрыш қолды құрылысшылар ісінің жемісі. Сондықтан, Қызылорда қаласының түрленіп, архитектуралық сәулетінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан барша сала мамандарына ризашылығымды білдіремін.


Құрметті құрылысшылар!


Сіздерге көрсетілер құрмет те, айтылар алғыс та шексіз!

Құрылыс саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, халық жадында қалар ілкімді істеріңізге толайым табыс, кәсіби жетістіктер тілеймін!» деген тілек білдірді шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<