Қамшыбек Қоңқабаев: Елімізді қуантуға дайынбыз

518

0

Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек Қоңқабаев бүгін өткен алғашқы жекпе-жегінен соң өз ойын ортаға салды деп жазады Olympic.kz.

«Жекпе-жекте ойымдағы әдістерімді 100 пайыз орындай алмадым. Қанша дегенмен, бірінші кездесу, сондықтан, қобалжу да жоқ емес. Бар күш-жігерімді салдым жеңіс үшін. Қарсыласым да осал емес, физикалық тұрғыдан мықты әрі бойшаң.

Кейбір әдістерім жақсы шықса, енді бірі өтпей қалды. Сол үшін әр кездесуге дайын болу керек.

Келесі қарсыласым да осал емес. Ресейлік боксшымен спаррингтік кездесулер өткіздім, бірақ жарыс кезінде бәрі де басқаша болатыны анық. Көпшілігі мені Өзбекстан намысын қорғайтын Бахадор Жалоловпен кездестіруге асық. Бірақ мен үшін әрбір қарсылас мықты. Себебі, бұл Олимпиада.

Кеше біраз жігіттің жарысты аяқтағаны да жанымызға батып, көңіл-күйімді түсірді. Десе де, елімізді қуантуға дайынбыз, бар күшімізді саламыз», – деді Қамшыбек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<