Қара шоколад қартаю процесін бәсеңдетеді – ғалымдар

464

0

Фото: ашық дереккөз

Гарвард мамандары зерттеу жүргізіп, оған сәйкес айына үш шоколад жеген адамның мезгілсіз өлім қаупін азайтатынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ren.tv мәліметінше, бұл тәттінің құрамында какао бұршақтарының жоғары концентрациясы бар.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шоколад жейтін адамдар оны жегісі келмейтіндерге қарағанда бір жылға ұзақ өмір сүреді.

Сондай-ақ, қара шоколад онкология мен жүрек-тамыр ауруларының дамуына жол бермейді. Ғалымдардың пікірінше, бұл есте сақтау қабілеті мен мидың да жұмысын жақсартады.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіріп қарастыруға болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамастан бұрын маман көмегіне жүгінуге кеңес береміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<