Қармақшының ауылдары интернет желісіне қосылуда

581

0

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы Қармақшы ауданының 9 ауылдық округі 10-20 Мб/сек жылдамдықтағы кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді. Ал 2 кент және 8 ауылдық округ ұялы байланыс операторларының 3G жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды.


– Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Қазіргі таңда интернет және ұялы байланыс жолдары электр жарығы сынды негізгі қажеттілікке айналды. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту мен карантин уақытында үйден қызмет көрсетуге интернет қажеттілігі туындады. Елді-мекендерді толық интернетпен қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатырмыз, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.


Бағдарлама аясында енді Ақжар, Ақтөбе, Жаңажол ауылы және Жосалы кентін Activ жәнеTele 2 ұялы байланыс операторлары тарапынан 3G жылдамдықтағы интернет желісіне қосылмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<