Қазалы қаласына газ тартылуда

1145

0

Өткен жылы Қазалы қаласын газбен жабдықтау жұмыстарын басталды. Құрылыс жұмыстарын «МБК Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр.


Келісім-шарт бойынша нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Дегенмен бас мердігермен бекітілген жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айына дейін аяқтап, Қазалы қаласын газ желісін қосу жоспарланып отыр.


Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Қазалы қаласын газдандыру жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тиісті сала басшыларына тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<