Қазалыда ойнауға шыққан балалар жоғалып кетті

534

0

Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны қоңырау шалып, өзінің 4 және 6 жастағы балаларының ойнауға шығып кетіп, қайта келмегендігін хабарлаған.


Хабарлама бойынша бөлім қызметкерлері шұғыл ден қойып, жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде, Әйтеке би кентінің көшелерінде аталған екі жасөспірімдер табылып, ата-анасына қауыштырылды. Балаларын тауып берген полицейлерге кент тұрғыны өз алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<