Құрылыс сапасын техникалық бақылау электронды форматта жүргізіледі

311

0

Елімізде құрылыс нысанының сапасына техникалық бақылау жүргізу электронды форматқа көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпшілікті жаңа тұрғын үйдің сапасы қызықтыратыны баршаға мәлім. Осы орайда Мемлекет басшысы тұрғын үй сапасына аса мән беріп, тиісті шара қабылдауды тапсырды. Қазіргі уақытта біздің министрлік құрылыс саласын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Соның бірі бүгінде «Е-Құрылыс» атты ақпараттық жүйесі әзірленді. Аталған жүйеде барлық құжаттама электронды түрде жүзеге асырылады. Қазір барлық техникалық бақылау құрылыстық реестр, есеп тағы сол сияқты аталған жүйе арқылы электронды форматқа көшірілді», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-министр келесі жылы мемлекеттік нысандардағы құрылыс қызметі толықтай автоматтандырылатынын мәлім етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қ. Өскенбаев елімізде құрылыс саласына құйылатын және Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде құрылыс материалдары бағасының 15%-ға арзандайтынын айтты.

Сонымен қатар, аталған баспасөз мәслихатында Қазақстандағы тұрғын үй бағасының арзандауына қатысты болжам жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз