Қызылорда жұртшылығы Олимпиадаға қатысқан жерлестерін қарсы алды

1120

0

Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған қызылордалық спортшылар туған топыраққа қадам басты. Оларды әуежайда туған-туыстары мен жергілікті жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды.


Көпшілік алдында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет дүбірлі додада ел намысын қорғаған саңлақтарға жергілікті жұртшылық атынан ризашылығын білдірді. Айтулы сында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдегер атанса, еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков үздік бестіктен көрінді. Каратэ-до шебері Мөлдір Жаңбырбай тәжірибелі қарсыластарымен терезесі тең деңгейде ойын көрсетті.


Еске салсақ, дүбірлі додаға Қазақстан атынан 97 спортшы спорттың 28 түрінен бақ сынады. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді іріктеу және рейтинг жарыстары аяқталғаннан кейін шығарды.

Дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Олимпиада бағдарламасына бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг секілді спорттың бес түрі енгізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<