Қызылордада карантин талаптары жеңілдетілді

549

0

Қызылордада карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулы шықты.


Қаулыға сәйкес:
1.мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу жалғасады.

  1. 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:
  • оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі;

  • – 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға рұқсат;
  • – оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға рұқсат беріледі.
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі;
  • екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беріледі.

  • Сонымен қатар, жасыл аймақтағы өңірлер үшін ас беру шарасын өткізуге рұқсат беріледі, бұл ретте үй-жайдың толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық болмауы тиіс.
  • Сондай-ақ, балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар ) жұмысына рұқсат. Бұл ретте толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық болмуы тиіс.
    Бильярдтар жұмысына рұқсат етіледі, бұл ретте толтырылуы 30%-дан артық болмуы міндетті. Көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге тек толтырылуы 20%-дан артық болмаған жағдайда рұқсат беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<