Қызылордада көшеге «Қазақ радиосы» атауы беріледі

732

0

Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында қаладағы бұрынғы «Саяхат 11» көшесіне «Қазақ радиосы көшесі» атауын беру туралы тарихи шешім қабылданды. Облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен қаулы шешімі шықты.

Қазақ радиосының шежіресі Қызылорда қаласының тарихымен бір арнаға тоғысқан. Ұлттың үн жариясы еліміздің сол кездегі астанасы Ақмешіттен 1925 жылдары әуе толқынына шыққан. Қызылорда қаласындағы Қазақ радиосы көшесінің ұзындығы – 400 метр. Бұл – киелі шаңырақтың жүз жылдығына жасалған тағзым, көрсетілген құрмет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<