Қызылордада мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түскен адам ұсталды

880

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан мешіттердің бірінің имамы арыз түсірді. Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер мешіттің пластик терезесінің торын күштеп ашу арқылы кіріп, садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығын есептелуде.


Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ұсталды және ол осы қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігі 3 – тармағына (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<