Қызылордада өткен тәулікте 9 жағдай тіркелді

738

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 544. Соңғы тәулікте 9 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3423-ке жетті.

Бүгінде инфекциялық стационарда 38, ал стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас ем алуда

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 15 088, тікелей қарым-қатынас-12 340, ықтимал қарым-қатынас-2 748.

Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 298, тексерілгені – 229, жұмыс жасалуда – 69. Қалдық тест саны – 30 465. Эпид маусым басталғалы бері 185 584сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<