Қызылордада жалған нөмір тағып жүрген 2 көлік ұсталды

370

0

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен облыс орталығында көрінеу жалған мемлекеттік белгі тағып басқарған 2 құқық бұзушылық дерегі анықталды.


Атап айтқанда, 26 қаңтарда сағат 12:50 шамасында 36 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Ниссан патрол» автокөлігі тоқтатылып, құжаттарын тексеру барысында автокөлікті көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып жүргені анықталды. Сонымен қатар жүргізушіге белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Аркан» құрылғысымен 14 585 теңге айыппұл салынған.


Сол күні сағат 01:00 шамасында 31 жастағы қала тұрғыны да өз басқаруындағы «Камаз» автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарған. Жүк көлігінің жүргізушісіне 4 мәрте жылдамдық асырғаны үшін 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Қазіргі таңда, құқық бұзушыларға көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590 бабының 4 бөлігімен әкімшілік хаттамалары толтырылып, көлік құралдары айып алаңына қойылды және кодекстің 684 бабына сәйкес, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Департамент басшылығының қатаң бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<