Қызылордалық жеңіл атлеттер жүлделі қайтты

502

0

Бірікен араб әмірлігінің Дубай қаласында 9-14 ақпан аралығында FAZZA – 2021 Гран-При әлемдік сериясы бойынша пара жеңіл атлетикадан халықаралық квалификациялық жарыс өтті.


Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғаған Сыр спортшылары Қазақстан командасының құрамында табысты ойын көрсетті.
ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ислам Салимов ұзындыққа секіруден екінші орынды иеленсе, Еламан Жоламан диск лақтыруда қола жүлдені еншіледі.


Мықты топта сынға түскен Мейіржан Мақшат мәреде кениялық жүгірушіні басып озып, үшінші орынға ие болды. Найза лақтырудан Қолғанат Бақберген жетінші орыннан көрінсе, спорт шебері Бағдат Елібаев шеберлігін шыңдады.


Спортшылар Токио қаласында өтетін Паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін біліктілік нормативтерін орындады.
Енді олар осы айда Тунистегі Гран-При әлемдік сериясының кезекті кезеңіне қатысады.

Спортшыларды жарысқа ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев және жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Мұратбек Кетебаев дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<