СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА БОЛДЫ

363

0

Бүгін ауданға арнайы іс сапармен Қ Р Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы келіп аудан акивімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Елбасымыз Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және 5 наурыз күні «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінен туындайтын мақсаттар мен міндеттерді өңірлерде жүзеге асыруда ақпараттық – насихаттау болып табылады.
Жиынды аудан әкімі С. Мақашов жүргізіп, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт бағдарына Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша іс-шаралар атқарылып отырғандығына тоқталды.
Парламент Сенатының депутаты Б.Еламанов «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінен туындайтын міндеттерді өңірлерде жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды талдап, пікірін білдірді. Сонымен бірге М. Бақтиярұлы еліміз экономикалық  дамудың инновациялық  өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігіне тоқталып, еліміздегі жүргізіліп отырған реформаларға пікірін білдірді.    
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов, аудан ардагері Ә.Құлдүйсенов, аудандық мәслихат депутаты А. Қаржаубаев сөз сөйлеп ұсыныстарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<