Шиеліде ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

785

0

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара «Арман» мәдениет үйінде жалғасты.


«Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі» атты мерекелік шараға мекеме басшылары мен ауған соғысының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты. Аталған шара Ауған соғысы жөнінде дайындалған бейнероликпен басталып, ауған соғысында қаза болған боздақтарды еске алуымен жалғасын тапты.


Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы ауған соғысының ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, аудан әкімі атынан ауған соғысының бірқатар ардагерлеріне алғыс хатын табыс етті.


Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Р. Шарипбаев, ҮЕҰ мен заңды тұлғалар ассоциациясының Шиелі ауданы бойынша төрағасы С. Берімбетов ауған соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.


Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. «Арман» бишілер тобы би билесе, әншілер патриоттық сарындағы әндерді шырқады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<