Сырдарияда қолөнер шебері өрендермен жүздесті

1676

0

Бүгін Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Еңбек даңқы» залында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сырдария ауданының Құрметті азаматы қолөнер шебері Маханбет Жәнібек Асанұлының шеберлік сағаты өтті.


Шеберлік сағатының негізгі мақсаты жастарға қолөнерді үйрету арқылы ата-бабадан қалған салт-дәстүрімізді құрметтеуге және халқымыздың қолөнерін дәріптеуге тәрбиелеу.


Шеберлік сағатқа №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептің оқушылары қатысты. Шара барысында шебер ағаш қасықтың жасалу жолдарын көрсетіп, құралдарды қалай пайдалану керектігін көрсетті. Оқушылар шеберге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, осы салаға қызығушылықтарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<