WhatsApp-та көптен күткен функция пайда болады

783

0

WhatsApp басшысы Уилл Кэткарт мессенджерде көптен күткен функция пайда болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Whatsapp-қа компьютер арқылы телефонның көмегінсіз кіруге болады.

«Бірнеше девайс қосуға арналған жаңа мүмкіндік WhatsApp-ты бірнеше құрылғыда пайдаланатындарға қолайлы», – дейді Кэткарт Twitter-де.

Сондай-ақ, ол пайдаланушы деректері толығымен қорғалатынын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<