WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

767

0

WhatsApp мессенджерінде бір есептік жазбаны бір уақытта бірнеше құрылғыда пайдалану функциясы іске қосылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetainfo порталына сілтеме жасап.

Пайдаланушының құрылғылары бір-бірімен байланысқаннан кейін WhatsApp Web және WhatsApp Desktop бір уақытта жұмыс істеуі үшін олардың негізгісіне желіде қалудың қажеті жоқ. Бұл режимде бір аккаунтқа тіркелген бес гаджетті пайдалануға болады.

Бірнеше құрылғыны бір уақытта пайдалану кезінде де қауіпсіздік WhatsApp алгоритмдері арқылы шифрланатыны атап өтілді.

Әзірге опция тек қосымшаның бета 2.21.14.1 нұсқасында және Android-та жұмыс істейді. Кейінірек бұл мүмкіндік жалпыға қол жетімді болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<